18 наурыз Жалпы білім беретін пәндер каыедрасының мұғалімдері мен 1-курс студенттері «Ұлттық киім күнін» атап өтті. Үлкендер салт-дәстүрлерімізді, ұлттық киімдерімізді таныстырып, көнеден қалған қазынамызды дәріптеуге ат салысты. Мереке қазақ киімдерінің қарапайым әрі әдемі екендігімен ерекшеленеді әрі жастардың ұлтқа деген махаббатын оятуға рух береді. Қай заманда болмасын, ұлт мәдениеті — мәңгілік қазына. Ұлтымыздың рухын асқақтатып, қазақи болмысымызды жоғалтпай, мәдениетімізді жаңғыртайық! Ұлттық киім күні құтты болсын!
Бұл сайт өзекті емес және мұрағаттық көшірме болып табылады. Ондағы ақпарат ескірген болуы мүмкін.
Университеттің өзекті сайтына өтіңіз:
Өзекті сайтқа өту